Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа астанадағы алғашқы жұмыс резиденциясындағы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжіліс залы. 1997–2004 жылдар

«Қару-жарақтар топтамасы» экспозициясы

Бұл залда Жоғарғы Бас Қолбасшы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары, сонымен қатар мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі маңызды кездесулер  өткізілді.

Қазіргі таңда бұл залда қару-жарақтар топтамасы ұсынылған.

Қару – билік нышаны болып саналады, сондықтан да оны мемлекет және халықаралық қауымдастық алдындағы құрметі мен беделін асқақтату мақсатында билеушілер мен мемлекет басшыларына жиі сыйға тартады.          

Залда ұсынылған барлық экспонаттар дипломатиялық сыйлықтар топтамасының, сондай-ақ Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары берілген Қазақстан азаматтарының сыйлықтарының бір бөлігі болып табылады.