Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Астанадағы алғашқы жұмыс резиденциясындағы Президенттің қабылдау бөлмесі. 1997–2004 жылдар

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Астанадағы алғашқы резиденциясының қабырғалары елдің қалыптасу және даму тарихымен байланысты көптеген оқиғаларды еске түсіреді. Бұл залда Резиденция уақытынан бастап интерьер, жиһаз заттары және жиналған заттар сақталған,сондай-ақ оның ерекше мемориалдығын баяндайтын материалдар ұсынылған.

Экспозиция материалдары Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1997-2004 жж. аралығында өткізген жұмыс кездесулерінің хроникасымен таныстырады. Атап айтқанда, иллюстрациялық топтамада Президент кабинетінде өткен шетелдік делегациялар басшыларымен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, мәдениет пен өнердің көрнекті өкілдерімен болған кездесулермен таныстырады.

Кездесуге келген қатысушыларының арасында: Қазақстанның көрнекті өнер қайраткерлері А. Кекілбаев пен Ф. Оңғарсынова, Қазақстанның халық батыры Т. А. Мұсабаев, сондай - ақ шетелдік мәдениет қайраткерлері, - режиссер Н. С. Михалков, Қытайдан келген суретші Цзен Ян болды. Н.Назарбаевтың шет мемлекеттер басшыларымен өткен жылы кездесулері туралы Молдова Президенті П.Лучинскиймен болған фотосуреттен байқауға болады. Иллюстрациялық қатар мұрағаттық материалдар мен кітаптармен, сондай - ақ Т. А. Мұсабаевпен бірге ғарышта болған Қазақстанның Туы мен жердің бір уыс топырағы секілді бірегей жәдігерлермен толықтырылған.