Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа астанадағы алғашқы жұмыс резиденциясының бірінші қабатының фойесі. 1997–2004 жылдар

Қазақстан Республикасы Президентінің Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы жұмыс резиденциясының құрылысын 1996–1997 жылдары «Мобитекс» халықаралық фирмасы жүргізген болатын.

Резиденция жалпы аумағы 12 000 шаршы метрді құрайтын төрт қабатты ғимаратта орналасқан. Кешен құрамына Президенттің және Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің жұмыс кабинеттері, қоғамдық залдар, демалыс зоналары, сонымен қатар жоғары деңгейдегі келіссөздер мен кездесулер өткізуге арналған залдар кіреді.

Президенттің алғашқы резиденциясы – бүгінгі күнге дейін алғашқы қалпын сақтап қалған бірегей сәулеттік ғимарат. 2004 жылы осы ғимаратта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. 2017 жылдан бастап мұнда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұжымы еңбек етуде.

1997–2004 жылдары резиденциясының бірінші қабатының фойесінде еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген мәртебелі қонақтар – мемлекет басшыларын, премьер-министрлер мен делегация басшыларын қарсы алды.