2014 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, сонымен қатар елордалық мектептердің тарих пәні ұстаздары қатысты.

       Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2014 жылдың I жартыжылдығы бойынша жұмысын қорытындылау.
2. «2013-2014 оқу жылдары Музей сабақтарының жинағына» ұсынылған сабақ сценарийлерін бекіту.
3. 2014 жылдың  II жартыжылдығына арналған жоспар туралы.
4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізу туралы.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, Педагогтар кеңесінің төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова 2014 жылдың I жартыжылдығы бойынша Музей мен Білім басқармасының бірлескен жұмысын қорыта келе, келесі цифрларды атап өтті: «Білім беру бағдарламасының аясында 1242 адам қатысқан 46 іс-шара өткізілді. Жартыжыл бойы Музей педагогикасы орталығы қызметкерлерінің бастамасы бойынша мазмұны мен түрі жағынан әртүрлі музейлік сабақтар, шеберлік-сыныптар, экскурсия-сабақтар, «Аттестация учителей – составная часть повышения мастерства педагогов» қалалық семинары, дәрістер, кездесулер, қалалық дебаттық турнир өткізілді».
    Модератор өз сөзінде Музейдің бастамасымен құрылған және Музей мен Педагогтар кеңесінің мүшелері, «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің тарих пәні ұстаздары Т.В. Маканова, Л.Э. Литвинованың шығармашылық тандеміндегі Мектепаралық «Үлкен регата» музейлік жобасының табысты түрде жүзеге асып жатқандығы туралы айтып берді. Осы ойын аясында 16 елордалық білім мекемесі экипаждарының мүшелері Астана қ. 11 мектебінің мұражайларын аралауға, қазақстандық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан атақты адамдардың өмірі мен қызметі туралы, туған жері туралы мәлімет алуға мүмкіндік алды.
№ 4 мектеп-гимназияның бастауыш сыныбының ұстазы А.Қ. Сейдахметова Музей әкімшілігіне және қызметкерлеріне тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихы туралы бірегей Музей әлеуетін пайдалану мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Музейдегі әрбір өткізілетін сабақ ұстазға зор жауапкершілікті сездіртетіндігін айта келе, Білім күні қарсаңында № 4 мектеп-гимназияның бірінші сыныпқа баратын оқушылары үшін «Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата Заң» сабағын өткізу құрметіне ие болғандығын атап өтті.
Екінші мәселе бойынша Музей педагогикасы орталығының аға оқытушысы А.Ә. Оспанова «2013-2014 оқу жылдары Музей сабақтарының жинағына» ұсынылған үздік музейлік сабақ сценарийлері авторларының тізімін жариялады.
    Қорытындылай келе, модератор Музейдің Білім беру бағдарламасының аясында 2014 жылдың II жартыжылдыққа жоспарланған іс-шаралар туралы қысқаша мәлімет берді: дәрістер, музейлік сабақтар, «Музей педагогикасының негіздері» және «Астанатану» оқу курстары, «Елбасытану» элективтік курсы. Б.М. Қайыпова Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шараларды айта келе, «дөңгелек үстелге» қатысуға шақырды.
  Білім басқармасының әдіскері Д.Қ. Әмірғалиева өз сөзінде Музей базасында тарих пәні ұстаздарын аттестациялау бойынша эксперименталды алаңының қатысушыларының кәсіби тұрғыда сапалы өсіп жатқандығын айта келе, ҚР ТПМ Музей педагогикасы орталығы қызметкерлерінің музейлік сабақтарды дайындауға әдістемелік көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.