2011 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің отырысы өтті. Отырыс жұмысына Музей жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты.

   Күн тәртібінде келесідей мәселелер талқыланды:
1. 2010-2011оқу жылының жұмысын қорытындылау.
2. «2010-2011оқу жылы бойынша Музей сабақтарының жинағына» ұсынған сабақ сценарийлерін бекіту.
3. «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» элективті курсын бекіту.
4. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дәстүрлі емес іс-шараларының тұсаукесер апталығының жоспарын құру.
5. 2011 жылдың 2 жартыжылдығына Астана қ. білім беру мекемелерімен серіктестік жұмысты ұйымдастыруды әрі қарай жалғастыру (мұғалімдердің дәстүрлі тамыздық конференциясы аясында қоғамдық пәндер ұстаздарының секциясына қатысу).

     ҚР ТПМ жанындағы Педагогтар кеңесінің төрағасы, директор орынбасары, т.ғ.к. Б.М. Қайыпова Педагогтар кеңесінің мүшелерін оқу жылының аяқталуымен және Астана қ. туған күнімен құттықтады. Музейден «Ақиқат» дебаттық клубының ашылғаны туралы айта келе, кеңестің белсенді мүшелеріне алғысын білдірді.
      Музей педагогикасы орталығы әртүрлі іс-шараларды өткізді: экскурсия-сабақтар, шеберлік-сыныптары, семинарлар, кездесулер, білім жәрмеңкесі, балалар мерекесі. «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» мен «Астанатану» курсы бойынша екі элективті курсы өткізілді. Осы тұрғыда Музей педагогикасы орталығының қызметкерлері зерттеушілік және тәжірибелік жұмыс атқаруда.
     «Үздік музейлік сабақ» байқауының жеңімпазы Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі А.Қ. Сейдахметова оқушыларының Музей іс-шараларына қатысқаны туралы әңгімелеп берді. Елбасының сыныптасы С. Есембаевпен және Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты М.А. Айсинамен болған кездесулер туралы айта келе, музей қызметкерлеріне ыстық ілтипат білдіріп, алғыс айтты.
      Екінші мәселе бойынша ҚР ТПМ-нің Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Р.Ұ. Қазбекова баяндама жасады. «2010-2011оқу жылы бойынша Музей сабақтарының жинағына» келесідей сабақтарды енгізу туралы ұсыныстар шығарылды:
1. «Конституция – жаңа Қазақстанның іргетасы» – Қазбекова Р.Ұ., Оспанова Ә.Ә., Ким В.Б.;
2. «Сайлау – қоғам өмірінің айнасы» – Оспанова Ә.Ә., Рахымжанова Б., Ауғанбаев А., Оралбаева Н.К.;
3. «Мәдени мұра – жас ұрпақ игілігі» Оспанова Ә.Ә.;
4. «Н. Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» – Оспанова Ә.Ә., Бекенова Ж., Спаина З.;
5. «Халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлі» – Оспанова Ә.Ә., Жаппарова Г.С.;
6. «Туған күніңмен, Астана!» – Қазбекова Р.Ұ., Кушунова Д.С., Киреева Ф.В., Копашева Д.О., Рахматулина Е.В., Сексенбаева Б.Н., Бресь Ю.Ю.;
7. «Туған жерім – тұғырым» – Будикова Б.Б., Сейдахметова Ж.Қ.
      Отырысқа қатысушылар Музейдің қалалық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық негізде тығыз қарым-қатынас жасайтындығын айтты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі әкімшілігі атынан Астана қ. Білім басқарамасының әдіскерлеріне алғыс хаттар тапсырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.