ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

31 қаңтарда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы мемлекетіміздің қарқынды даму бағытын анықтайтын еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі болып табылады.

Биылғы Жолдаудың ерекшелігі мемлекеттің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамуына бет алуы. Жаңа стратегиялық құжатта Елбасы мемлекетіміздің дамуындағы өзекті мәселелерге нақты жауап береді. Мемлекет басшысы шешімі Қазақстанды алдыңғы қатарлы мемлекетке айналдырып, ең дамыған елдің қатарына қосатын он негізгі міндетті ұсынады.

Талқылаудың модераторы – Әмірхан Рахымжанов – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, саяси ғылымдардың докторы, профессор.

Шараға отандық танымал тарихшылар мен саясаткерлер қатысады. А.Н. Қашқынбаев – ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты; А.С. Қайдарова – «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы; А.К. Мұқышбаева – Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы; Б.М. Қайыпова – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты; Ж.І. Қуанышев – Елбасы кітапханасы Ұйымдастырушылық жұмыс қызметінің басшысы, саяси ғылымдарының докторы; С.К. Бердағұлова – Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты; А.А. Альшанская – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері, экономика магистрі.

Дөңгелек үстел Президент Жолдауын түсіндіру бойынша Елбасы кітапханасының іс-шаралар топтамасын жалғастырады.