Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа сыйға тартылған тарту-таралғылар көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Музей республиканың басқа музейлерімен бірлескен жобалар бойынша жұмыс істейді. 2006 жылдың 26 тамызында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде осы облыстың 70 жылдығына арналып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа сыйға тартылған тарту-таралғылар көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Қарағанды ел Президентінің өмірінде ерекше орын алады.Дәл осы жерден Н.Назарбаевтың еңбек жолы басталады.Мұнда ол еңбек дағдыларын игерді, саяси өсу жолы басталды.