ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

2017 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм» ғылыми жобасы аясында «Ассамблея народа Казахстана и ее роль в гармонизации межэтнического согласия» дәрісі оқылды.

       Дәрісті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова жүргізіп, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап еліміздің ішкі саясатының басты арқауы болған ұлтаралық келісім туралы баяндады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев негізін салған және дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі тәуелсіз еліміздің барлық даму кезеңінде өзінің тиімділігін дәлелдей келе, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыру үрдісінде маңызды рөл атқаруда.

      Бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық үлгісін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне айрықша көңіл бөлінді.

    Дәріс барысында тренинг элементтері қолданылды, оның негізінде студенттер этносаралық қатынастар арасында кездесетін түрлі жағдаяттық мәдениет үлгілерін бейнелеп, сондай-ақ Елбасының тұрақты ұлттық саясатының нәтижелерін талдауға мүмкіндік алды.