«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері» дәрісі өткізілді

 2015 жылдың 27 қарашасында Қосшы ауылдық округі әкімінің сұранысы бойынша Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округінің оқушыларына «Елбасытану» элективті курсының аясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері» дәрісі өткізілді.

   Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Н.Қ. Мусина қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бұл мерекелердің егемен еліміздің тарихындағы саяси маңызын атап өтті. 
    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері Л.Ә. Омарова тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен таныстырды. Дәріскер Музей қызметкерлерінің зерттеуі барысында жинақталған болашақ Президенттің балалық және мектеп жылдары туралы қызықты материалдарды ұсынды. Сабақта Мемлекет басшысының Жеке мұрағатынан алынған құжаттар мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кіші отанына Музей қызметкерлері жасаған ғылыми-ізденіс экспедициясының материалдары қолданылды. 

     Тыңдаушылар Президентіміздің тұлғалық қалыптасу тарихымен танысуға мүмкіндік алғаны үшін алғыстарын білдірді.