Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптар: библиографиялық көрсеткіш / Жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2011.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптар» аңдатпалы библиографиялық көрсеткіші Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің кітапхана қорындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасуындағы оның тарихи рөлін көрсетуге арналған кітаптардың библиографиялық сипаттамасынан тұрады. Библиографиялық көрсеткіш негізгі басылым тілдеріне сәйкес екі бөлімге топтастырылды: І – қазақ тіліндегі басылым; ІІ – орыс тіліндегі басылым. Шет тілдеріндегі кітаптар библиографиялық сипаттамалар стандарттарына сәйкес келтіріліп, бөлек тақырыпта хронологиялық тәртіппен орналасқан.
Көрсеткіш Қазақстанның жаңа тарихын, саяси үдерістер мен оқиғаларды зерттеушілерге, сонымен қатар отандық тарих пен саясаттанудың өзекті мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.