"Қазақстан және әлемдік қоғамдастық"

Алтын зал. «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық» экспозициясы

Кезінде Тұңғыш Президенттің халықаралық ұйым өкілдерімен, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, шетелдің әскери адамдарымен жоғары деңгейдегі келіссөздері, кездесулері мен сұхбаттары өткен Алтын залда «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық» тақырыптық экспозициясы орналасқан.
Экспозиция материалында республиканың сыртқы саяси басымдықтары, Қазақстанның әлемнің 120-дан астам мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу тарихы мен дамуы көрсетілген.
Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы орны мен рөлі екі жақты қатынастардың, аймақтық серіктестіктің және халықаралық ұйымдардағы белсенді жұмыстардың серпінділігінен көрінеді.