«Қазақстан және әлемдік қоғамдастық»

2012 жылдың 3 қазанында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейі (Астана қ.) қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық» атты көшпелі қор көрмесі ашылды. 
      Көрмені Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Ноғаев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ. Ақтаева ашты. 
      Көрменің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасарлары С.Ж. Шәпкенов, А.Б. Бадашев, Ұлы Отан соғысының ардагері Б. Жұмағалиев, жазушы Э. Ғаббасұлы, жергілікті басқару органдарының жетекшілері, қоғам өкілдері қатысты. 
      Көрменің негізгі мақсаты - тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі арқылы көрініс табатын қазіргі әлемдік қоғамдастықта республиканың алатын орны мен рөлін музей құндылықтардың өрістеген тақырыптық көрсетіліммен бейнелеу. 
      Көрмеге 200-ден астам жәдігер қойылған: сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, мүсіндер, кілемдер, кітаптар, фотосуреттер мен тарихи құжаттардың көшірмелері. 
      Көрменің негізгі мазмұнын Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдықтарын көрсететін кітаптар мен мұрағат материалдары ашады. Көрмеге Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесіне айналғанын мойындаудың айғағы ретіндегі АҚШ, Қытай, Ресей, Еуропалық Одақ елдері, ТМД, Азия-Тынық мұхит аймағы мен мұсылман елдерінің басшыларынан берілген сыйлықтар қойылған. Материалдардың басым бөлігі еліміздің Тұңғыш Президентінің жеке тұлғасының феноменін, Тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістердің тереңдігі мен көлемін, сыртқы және ішкі саясаттағы ең маңызды оқиғаларды ашып көрсетеді. 
      Сонымен қатар бұл бұйымдар – Қазақстанның Тұңғыш Президентіне деген жеке құрмет белгісі мен қазіргі заманғы Қазақстанды қалыптастыру жолындағы табысты қызметінің айғағы.  Көрме 2012 жылдың 3 қарашасына дейін жұмыс істейді.