Қазақстан және мұсылман әлемі

Қазақстан және мұсылман әлемі: фотоальбом / автор-құрастырушы А. Режапов; жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б.Қайыпова. – Астана, 2011.
«Қазақстан және мұсылман әлемі» фотоальбомы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдегі сыртқы саяси стратегияның қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Фотоальбомда Елбасының Жеке Мұрағатынан алынған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ислам әлемі елдерімен мемлекетаралық дипломатияны нығайтудағы рөлін айқын көрсететін мұрағаттық фотоматериалдар жинақталған.