«ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» оқу-әдістемелік кешені «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» семинар-тренингі бойынша оқу құралы болып табылады. Қосымша оқыту және патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының қызметкерлері әзірлеген ақпараттық-ағартушылық курсы жастар арасында мәдени келісімді, жалпықазақстандық құндылықтарды, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың тиімді тетігі ретінде қызмет етеді. Құрастырушылар ел дамуының теориялық негіздері мен маңызды кезеңдеріне, мемлекетіміз бен қоғамның жетістіктеріне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларына түсінік береді.

«Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» оқу-әдістемелік кешені оқытушыларға, білім беру және мәдени-ағарту мекемелерінің қызметкерлеріне, сонымен қатар оқушыларға арналған.