«Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс»

Көрменің материалдары спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, Елбасының әлемдегі Олимпиада қозғалысын дамыту, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі бастамалары туралы әңгімелейді. Материалдардың үлкен кешені Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің құрылу тарихы мен қызметіне арналған. Экспозицияда әр жылдардағы олимпиадалық чемпиондардың спорттық кубоктары, сондай-ақ олардың жеке заттары ерекше орын алған.