«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ АЯСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ - ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2018 жылғы 6 маусымда, сағ: 11.00-де  Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында аймақтық ынтымақтастық – Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтың кепілі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Халықаралық дөңгелек үстел  Орталық Азия аймағын одан әрі демократияландыру және қарқынды дамуы үшін Орталық Азия елдерінде тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын талқылауға қазақстандық және шет мемлекеттердің саясаткерлерін, беделді сарапшыларын тарту, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы ретінде Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани ынтымақтастығын дамыту туралы білімдерін кеңейту мақсатында өткізіліп отыр. 

Талқылауға төмендегі мәселелер ұсынылады:

– аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде Орталық Азия елдерінің дипломатиялық қатынастары мен ынтымақтастығын дамыту;

– Орталық Азия мемлекеттеріндегі әлеуметтік-саяси жаңғыру;

–  конституциялық реформаларды жүргізу контекстінде Қазақстан Республикасындағы саяси жүйені институционализациялау;

– этникааралық, конфессияаралық келісім мен рухани дамудың мәдениетін сақтау - Орталық Азия мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізі;

– аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекет көшбасшыларының рөлі;

– аймақтағы интеграциялық үрдістер;

–  Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси және бітімгерлік бастамалары – қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуші фактор.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің елшілері, отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, сарапшылық қауымдастықтың өкілдері және т.б. қатысады.