ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ

2017 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Ә. Бөкейхан көш., 10) «Президенттік институт – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының өкілдері (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және ҚСЗИ-дің,т.б.), әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар саласындағы сарапшылар, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысады.

Дөңгелек үстел барысында президенттік институттың қалыптасуы, оның этносаралық және дінаралық келісімді нығайтудағы рөлі мен маңыздылығы, қазақстандық және әлемдік тәжірибедегі сабақтастық, конституциялық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғырту барысы кеңінен талқыға салынады.

24 сәуір күні сағат 11:00-ге дейін аккредитациядан өтулеріңізді сұраймыз.

Мекенжайы: Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 10.