«Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері» дәрісі өткізілді

     2016 жылдың 2 ақпанында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның оқушыларына «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері» дәрісі өткізілді.

     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Г.М. Атабаева тыңдаушыларды халықтың өмірі, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты халық шығармашылығының маңызды салаларының бірі – Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерімен таныстырды. Қазақтың қолданбалы өнері өзінің ұлттық бояуымен, терең мәнді көркем мазмұнымен ерекшеленеді. Сәндік-қолданбалы өнердің үлгілері қоғамның әлемді тануы, салт-дәстүр, әсемдік талғамынан түсінік береді. Дәріс барысында Музей қорынан алынған жәдігерлер көрсетілді. Музейлік жәдігерді өз қолымен ұстап көруі оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын тудырып, сабаққа белсенді қатысуына ықпал етті.