«Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиясы жүргізілді

2019 жылғы 16 қазанда Елбасы Кітапханасының музейінде №22 МГ 7 сынып оқушыларына «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиясы жүргізілді.

Аталмыш тақырыптық экскурсия еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі спорттық тарихын жан-жақты ашуға бағытталған; басты мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қазақстандық спорттың қалыптасуына қосқан үлесін ашып көрсету, отандық спортшыларымыздың түрлі спорттық жарыстардағы жетістіктерімен таныстыру. 

Әсіресе, Н. Ә. Назарбаевқа тарту етілген қазақстандық және шетелдік спортшылардың сыйлықтар кешені экскурсанттардың ерекше қызығушылығын туғызды. Атап айтқанда В. Жиров пен М. Мәзімбаевтың чемпиондық белдіктері, А. Винокуровтың велосипеді, даңқты неміс тенисшісі Борис Беккердің тенис добы, белгілі қазақстандық саяхатшы Д. И. Петрухиннің мотобайкі және т.б.