Қазан 2019

2019 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 9903 адам келді, келушілерге жалпы 267 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 145 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 4194 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 122 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5709 адамды құрады.

Келушілердің басым бөлігін мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, қала тұрғындары, сондай-ақ Қазақстан аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар құрады.

Елбасы кітапханасының экспозицияларымен Тәжікстан Жоғарғы Ассамблеясы Өкілдер палатасының депутаты Ахмаджон Кобилов, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР Мемлекеттік Бақылау Комиссиясының Төрағасы Ян Сяоду, жыл сайынғы әлеуметтік желілерде өткізілетін «III Абай оқулары» әдеби эстафетаның жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысушылар, Көкшетау қаласындағы балалар өнер мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарының «Туған өлкем» көрмесінің қатысушылары танысты.