«Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді

2014 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция Музейдің 10 жылдығына арналып, мұражайлар мен ғылыми орталықтардың арасындағы байланысты нығайтуға, академиялық және мұражайлық қауымдастықты біріктіруге бағытталды.

    «Өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы мұражайдың рөлі» секциясына қатысушылар жаһандану жағдайында жастарды патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеуде, рухани мәдениетті дамытуда, тарихи мұраны сақтау ісінде мәдени-білім беру және ғылыми-ағартушылық орталық ретінде мұражайдың орны мен рөлінің артқанын атап өтті.

 
   Конференция бағдарламасының аясында секция қатысушыларына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс формалары» атты шеберлік сыныбы көрсетілді.