«Қолтаңбасы бар кітаптар: сый, естелік, тарих» көрме галереясы

«Кітаптар өз тағдырына ие». Бұл сөз қолтаңбасы бар кітаптарға дәл келеді. Кітапқа жазылған жазу жалғыз болып, оның құндылығы өседі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорлары арасында әр жылдары мемлекет басшылары, көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер Н.Ә. Назарбаевқа сыйға тартқан қолтаңбалары бар кітаптар ерекше орын алады. Ұсынылған экспозицияда С. Демирель, Цзян Цзэмин, Махатхир Мохамад, Б. Ельцин, М. Горбачев, А. Рюйтель, Г. Киссинджер, М. Шаймиев, Е. Примаков, Э. Шеварнадзе және т. б. сыйға берілген жазбалары мен түпнұсқалық қолтаңбалары бар кітаптар қойылған.