«Конфессиялардың үнқатысуы – Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық факторы» дәрісі өткізілді

  2016 жылдың 30 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне «Конфессиялардың үнқатысуы – Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық факторы» дәрісі өткізілді.

      Рухани сала – өмірдің барлық жағына елеулі әсер ететін қоғамның маңызды құрамдас бөлігі. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды тұрақты ұстауда халықтың ділі мен рухани жағдайының рөлі ерекше. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щёлокова конфессияаралық татулықты сақтау – еліміздегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың маңызды факторы екенін атап өтті.

      Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.