2018 жылғы 26 қарашада сағат 15.00-де Назарбаев орталығында Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» / «Сокровенные струны души: песенное творчество Н.А. Назарбаева» ІІ Республикалық шығармашылық конкурсының гала концерті және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.

2015 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» жобасы Елбасы кітапханасының музейі мен М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайымен бірлесе дайындалған. Бастапқыда жоба Астана қаласының білім орындарына арналды. Конкурстың танымалдылығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауы, оны 2017 жылдан бастап республикалық деңгейге шығарды. 2015 жылдан бері конкурсқа республиканың жалпы орта білім беретін мектептерінің үш мыңнан астам оқушылары қатысты.

Жоба ұлттық дәстүрлерді сақтауға және «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының негізінде жеке тұлғаны рухани тұрғыдан дамытуға бағытталған кітапхананың мәдени-білім беру қызметі формаларының бірі. Конкурстың негізгі міндеті: жеке тұлғаны қалыптастырудағы аса бай ресурс ретінде ән шығармашылығының маңыздылығын арттыру, музыка өнерінің түрлі жанрларында жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау.

Жоба негізінде Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығын және Мемлекет басшысының сүйікті әндерін зерделеу мен көпшілікке тарату қарастырылған. Ән шығармашылығында оның адам және азамат ретіндегі жеке тұлғасының бірегей қырларын көруге болады. Елбасының сүйікті әндері мен авторлық әндері жеке тұлғаның рухани талпыныстарының бейнесі ретінде Отанға, халыққа, ел тарихына және дәстүрлеріне деген ерекше сезімін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде басталған конкурс республикада танымал болып келеді. Конкурстық комиссияға республиканың 100 білім беру мекемесінен 150 өтінім түсті. Осы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен мерекелік күнтізбеге енген жаңа дата – Ұлттық домбыра күніне арналған «Қасиетті домбыра» атты номинация енгізіліп отыр.

Конкурс жас ерекшеліктері бойынша 2 санатта: 12-ден 14 жасқа дейін, 15-тен 17 жасқа дейін үш номинацияда өткізіледі:

– «Бабамнан калған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау);

– «Біздің сүйікті Президентіміздің әндері толқынында» (Мемлекет басшысының сүйікті әндерін орындау);

– «Қасиетті домбыра».

Іріктеу турынан соң конкурстың финалына 60 номинант өтті. Жеке орындаушылар, дуэттер мен вокалдық топтар әділ қазылар алқасы төрешілігіне өз шеберліктерін ұсынады.

Алдыңғы жылдары Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Ақмола сынды Қазақстанның бірнеше облыстарының өкілдері жүлделі орындардың иегерлері атанды.

Ұйымдастырушылар биылғы жылғы конкурстың бас жүлдесі – «Алтын микрофон» кімге тиесілі болады екен деген мүдделілікті сақтауды жалғастыруда. Алайда бірде-бір қатысушы назардан тыс қалмайды деп сендіруде.