ҚР Тұңғыш Президент Күні қарсаңында Елбасы кітапханасының Экскурсия қызметі Л.Н. Гумилев университетінің қабырғасынан бастау алған көшпелі тақырыптық экскурсиялар апталығын ұйымдастырып өткізді.

2018 жылы 23-30 қараша аралығында ҚР Тұңғыш Президент Күні қарсаңында Елбасы кітапханасының Экскурсия қызметі Л.Н. Гумилев университетінің қабырғасынан бастау алған көшпелі тақырыптық экскурсиялар апталығын ұйымдастырып өткізді. Бұл ауқымды іс шараның жаңалығы «Қазақстанның спорттық даңқы» атты жаңа көшпелі экскурсиясының ұсынылуы болды. Студенттер, оқушылар, әскерилер мен басқа да санаттағы қатысушылар зор ықыласпен қабыл алды. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге арналған «Атамекен» тақырыбы орыс тілді аудиторияға алғаш рет декада аясында «Наурыз» балабақшасында өткізілді.

Жалпы қатысушылар саны – 1500