ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи таңдау. Бастамасы» атты қор көрмесі

27 қараша 2013 ж. – 27 қаңтар 2014 ж.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи таңдау. Бастамасы» атты қор көрмесі.

    Музейдің Күмбезді залында өткен «Тарихи таңдау. Бастамасы» атты мұрағаттық көрме ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған болатын. Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен бірлесе отырып, Музейдің «Тарихи таңдау» атты ғылыми-экспозициялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Экспозиция материалдары  қоғамның да, жеке азаматтың да тарихи таңдауын анықтаған оқиғалардан басталып, тұлғаның өмірлік жолының бастауы – Н.Ә. Назарбаевтың мектеп жылдарындағы, жасөспірім шағындағы, комсомол, партиялық және мемлекеттік мансабының кезеңдері жайлы дәйекті түрде баяндайды. Елбасының Жеке мұрағатынан ұсынылған әр алуан құжаттардың бірегей жинағы мен бейнехроника Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне дейінгі жүріп өткен  жолын еске түсіруге мүмкіндік берді.