«ҚР Тұңғыш Президентінің еңбек жолы» экспозициялары бойынша тақырыптық экскурсия

2016 жылы 4 қарашада Астана қ. № 56 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушыларына Музейдің «Атамекен», «ҚР Тұңғыш Президентінің еңбек жолы» экспозициялары бойынша тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар Тұңғыш Президенттің атамекені, оның отбасы, мектеп жылдары, еңбек жолы жайлы баяндайтын мұрағаттық құжаттармен, фотосуреттермен, материалдық құндылықтармен танысты. Сондай-ақ ҚР Президенті жеті жыл қызмет атқарған Жұмыс кабинетін көріп, ерекше әсер алды. Экскурсия соңында «ҚР Президентінің Ұлықтау рәсімі» экспозициялық қойылымында естелікке суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.