«Күз бояулары» мерекесін өткізді

2016 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жыл сайынғы «Өнердің сиқырлы әлемі» арт-терапиялық сессиясының аясында «Балам-ай» ҚҚ мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды әлеуметтік қолдау Орталығының балалары мен ата-аналарына «Күз бояулары» мерекесін өткізді.

Сессияға 3-тен 34 жас аралығындағы кіші және жоғары жастағы топтар қатысты.  Музей мен «Балам-ай» ҚҚ мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды әлеуметтік қолдау Орталығының дамуы ерекше балалармен жұмыс бойынша өзара серіктестігі 10 жылдан асады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі директорының орынбасары Б.М. Қайыпова өзінің құттықтау сөзінде «Орталықтың әлеуметтік педагогтарының жоғары кәсіби шеберлігі қарым-қатынас дағдысын дамытуға, оңалтуды сәтті жүзеге асыруға ықпал ететін кешенді жағдайлардың жүйесін құруға бағытталғанын атап өтті. Балалардың шығармашылық әлеуетін ашу мен тұлғалық мотивацияның артуының тиімді нәтижесінің кепілі балалар, әлеуметтік педагогтар мен ата-аналардың ынтымақты команда құруы болып табылады. Жеке оқыту, еңбек терапиясы, үйірмелар, арт-терапиялық сессияларға қатысу, баламалы бағдарлама – «Көңілді фермер» жобасының аясында агротерапияға қатысу Орталық тәрбиеленушілерінің әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал етеді».

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Балам-ай» ҚҚ «Күз бояулары» бірлескен жобасы балалар үшін көптен күткен оқиғаға айналды, себебі, мереке әрқайсысы үшін тұлғалық мән-мағынаға ие болатындай, өздерінің қажеттілігін сезінетіндей, өз қатарластарымен еркін өзара қарым-қатынасқа ұмтылып, өзін-өзі таныта алатындай жағдай жасауға бағытталды.

Мерекелік көңіл-күй олардың әлеуметтік оқшауланудан шығуына мүмкіндік берді. Күзгі бал барысында балалар «Күз уақыты – тамаша кезең…» әдеби байқауына қатысып, жұмбақтар шешті, «әңгімешіл әженің» барлық сұрақтарына жауап берді, өздері қолдан жасаған күзгі киім үлгілерін көрсетті, әндер орындап, тақпақ айтты, флешмоб биледі.

Сессия барысында «Күз сыйлары» және «Күзгі қиял» есеп беру көрмесінде балалар өздері өсіріп баптаған бақтың жеміс-жидектерін таныстырды.

Ұйымдастырушылар тарапынан Орталықтың тәрбиеленушілеріне сыйлықтар ұсынғанда балалардың қуанышында шек болмады. Музей педагогикасы орталығы дайындаған фотокөрме қатысушыларға «Көңілді фермер» атыздарында өткен жылы жаз, ынтымақты және табысты еңбекті еске салды.