ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

08.04. 2019 г.

2019 жылғы 8  сәуірде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және қала жұртшылығы, студент жастар қатысты.

Өз сөзінде Қырымбек Көшербаев: «Бірінші сөз қашан да ерекше маңызға ие екені ақиқат. Біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі Вашингтон, Ататүрік, Махатма Ганди сияқты тарихи тұлғалардың ортасында орналасқан және терең мақтаныш сезімін тудырады. Қазақстан халқы сайлаған Елбасы Қазақстанды даму мен жасампаздық жолына шығарды. Қазақ халқы тәуелсіздік алған ата- бабалар арманын жүзеге асырды. Еркін, егеменді ел Елбасының дана және көреген басшылығының арқасында біздің шындыққа айналды»- деді.

Өз кезегінде Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірханрахимжанов аймақ басшылығына жылжымалы жобаны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Қызылорда жұртшылығына Үндеу жолдады.

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы бүгін Қызылорда қаласында, ел тарихында Қазақ хандығының астанасы Сығанақ және Қазақ автономиялық республикасының өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы астанасы ретінде танымал. Көрме Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі  «Алаштың анасы» деп атаған осы рухани бай, тарихи маңызы бар өлке тұрғындарының барлығында ұмытылмас әсер қалдыратынына сенімдімін»-деп сөзін аяқтады. Содан соң Іс- шара барысында Әмірхан Рахымжанов Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Бақыткүлбекмамбет жобаны ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін алғыс хат табыс етті .

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов кітапхананың тілектер кітабына естелік жазулар қалдырды.

Көрменің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы рөлін дәйекті түрде көрсету.

Келушілерге Елбасы кітапханасының мұрағат, кітап, мұражай қорларынан алынған материалдар көрсетілді. Алғаш рет Қызылорда жұртшылығына Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей топтамасы, мемлекет басшылары мен қазақстандық авторлардың сыйлы жазулары бар кітаптар топтамасы, сондай-ақ Елбасының шет тіліндегі еңбектері ұсынылды. Көрме экспозициясы негізінде шолу, сондай – ақ «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Президентке құрмет- халыққа құрмет», «Бір жәдігердің тарихы» атты тақырыптық экскурсиялар өткізілді.

Елбасы кітапханасының әйгілі көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы болып, оған ауқымды ғылыми, білім беру және мәдени іс-шаралар, сондай-ақ Қызылорда облысының аудандарына барған көшпелі экскурсиялар да кірді.

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасын Елбасы кітапханасы 2017 жылдың қараша айынан бастап іске асырып келеді. Осы уақыт ішінде көрмелер Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында болып, оларды 730 мыңнан астам адам тамашалады.