Әлібекова Әйгерім

29-03-2018

Бүгінгі күннен көптеген ойлар түйдім,бүгінгі күн менің болашаққа деген ойларымды кеңейте түсті. Біз ШҚО-ның əр жерінен жиналған оқушылармен жəне "Дарын" орталығының ұжымымен Астана қаласындағы білім беру жəне мəдени орталық яғни,танымал британ сəулетшісі Норман Фостердің жобасымен 2014 жылы Астананың сол жағалауында бой көтерген "Назарбаев орталығының" ғимаратында, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-Елбасының Кітапханасында өткен "Рухани жаңғыру:Болашаққа бастар жол" атты семинар-тренингтің алғашқы екі сабағына қатыстық. Жалпы, ҚР Тұңғыш президенті-Елбасының Кітапханасына кірген сəтте қонақтарды жылы қарсы алды, Хамитова Ақбота Камойқызы оқушылар мен жетекшілеріне кітапхана қызметі жайында , ағартушылыққызметіжайлы,тарихы жайлы толығымен таныстырып өтті. Келесі кезекте ШҚО мен БҚО оқушылары философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы жүргізген "Бəсекелік қабілет-ұлттың XXI ғасырдағы жаңғыруы"және"Қазақстанның тарихи жолы мен эволюциялық дамуы" тақырыптарында өткен лекцияларға куə болдық. Ғазиз Тұрысбекұлының сабақты жүргізуі, оқушыларға деген қарым-қатынасы , залда отырған оқушылармен сабақтыбайланыстыра өткізуі қатты ұнады.Осындай керемет өткен сабақтардан соң,педагогика ғылымдарының кандидаты,доцент Исинова Күнсұлу Серікқызыныңжүргізуімен өткен " Бəсекелік қабілет.Бəсекеге қабілеттілікті,жеке жəне командалық тиімділікті арттыру" тақырыбы аясында өткен тренингке қатыстық.Командалық ойындармен қатар,психологиялық жаттығулар жасадық.Күнсұлу Серікқызының оқушыларға деген көзқарасы,оқушылармен атқарған жұмысы,оқушылармен жылы шырай танытып,екі облыстан келген оқушыларды бір-бірімен бірлесіп топпен жұмыс атқаруға үйретуі,тренингті қызықты өткізуі қатты қатты ұнады. Біз өз ойымызды ашық жеткізуге тырыстық,өзімізді еркін сезіне алдық,сонымен қатар,бəсекеге қабілеттілікті топ арасында байқадық,тақырып бойынша көптеген жаңа ақпараттар алдық.Қорытындылай келе, бүгін біз тек алғашқы күндегі сабақтарға ғана қатыстық.Соның өзінде"Руханижаңғырудың"(сананыңжаңғыруының)Қазақстанның қазіргі таңында алатын орнының ерекше екеніне көзіміз тағы бір мəрте жетті.