Мамыр 2018

2018 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 10538 адам келді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 107 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3187 адам болды. Кітапхананың Музей ғимаратында 162 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 7351 адам болды.

 Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және Наурыз мерекесіне орай астанамызға Қазақстанның әр өңірінен, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

Кітапхана және Музей экспозицияларымен Мәскеу қалалық ардагерлер кеңесінің делегациясы; Әзірбайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтары бойынша көмекшісі Али Гасанов мырза; ҚР Иран Ислам Республикасы елшілігінің қонақтары; ҚР Ұлттық Музейінің қызметкерлері; Ұлыбритания, Израиль, Иран, Синапур, Германия, Словакия, Сауд Арабиясы, Катар елдерінен келген туристер танысты.