Маусым 2018

2018 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 10520 адам келді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығына» келушілер саны – 3260 адам болса, Кітапхананың Музей ғимаратына келген келушілер саны 7260 адам болды.

Келушілердің басым бөлігін астаналықтар мен еліміздің өңірлерінен келген қонақтар, қала мектептеріндегі жазғы лагерь оқушылары, республикалық балалар лагерлеріндегі демалушылар, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген туристер құрады.

Кітапхана және Музей экспозицияларымен қазіргі бессайыс Халықаралық федерациясының  делегациясы; ҚР Үндістан елшілігіндегі Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры Санджай Гарг; ҚР Швеция Корольдігінің уақытша сенімді өкілі Матс Олоф Фойер және т.б. танысты.