«Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер» шеберлік сыныбы өткізілді

2016 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде елорда мектептерінің ән-күй мұғалімдері және № 1 мектеп-лицейдің оқушыларына «Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер» шеберлік сыныбы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев егемен Қазақстанның 25 жылында жеткен жетістіктері туралы айта келе, тәуелсіздікті сақтау үшін «ақыл, білім, мәдениет» қажет екендігін атап өтеді. Тек осы жағдайда ғана еліміз өз тәуелсіздігін сақтай алады, ол үшін оған қажетті өлшемдер – қауіпсіздік пен қорғануға қабілеттілік, дамыған экономика және берік сыртқы саясатты қалыптастыру керек. Сонда ғана біздің мәдениетіміз бен ұлттық тұрмыс-тіршілігіміз қызықты және әлемге танымал бола алады».

Диалогтық бөлімінде қатысушылар «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ІІ жалпықалалық байқауының Ережесімен танысты. Байқаудың негізгі міндеттері: халықтың рухани ұмтылысын, ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибесін бейнелейтін ән шығармашылығын өзектендіру; Мемлекет басшысының адам және азамат ретіндегі бірегей қырларын ашатын Н. Ә. Назарбаевтың әндерін насихаттау және жариялау.

Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерінің тақырыптары, оның авторлық әндері, тұлғаның рухани ұмтылысын бейнелейтіні күмәнсіз.

Мәдениет – жеке адамның өзін таныту эталонына қатысты адам қызметінің саласы. Бүгінгі таңда олардың қайсысын үздігі ретінде санауға болады? Елбасы тұлғасының қалыптасуында олар қандай орынға ие? Н. Ә. Назарбаевтың өзін шығармашыл қырынан танытуының қайнар көзі неде? Бұл сұрақтардың жауабы ретінде астаналықтардың арасында кеңінен танымал болған қалалық байқауға қатысушылардың көптеген сұраныстарына сәйкес Музей педагогикасы орталығы музейлік-педагогикалық қызметтегі серіктесі Астана қ. № 1 Балалар музыка мектебінің ұжымымен бірлесе отырып, «Елбасының сүйікті әндері» сабақ-концертін дайындады.

Дәрістік-концерттік формада өткен шара Мемлекет басшысының сүйікті әндерінің репертуарына арналды. Қазақ тілінде және орысша да әндер айтылды. Естаулетов Әлішердің орындауындағы «O surdato namurato» әні көрермендердің зор ықыласына бөленді. Педагогтар оқушылардың дәріс-концертке дайындық барысында Мемлекет басшысының «Жерім менің», «Үшқоңыр», «Елім менің» әндерінің терең мағынасына бойлай алғанын атап өтті.

Музейдің электронды қорынан алынған бірегей материалдар Отанына, халқы мен оның мәдениетіне сезімталдықпен қарайтын, адам мен азаматтың, сан қырлы тұлғаның біртұтас бейнесінің жасалуына ықпал етті.