Мектеп-лицейі оқушыларының республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдануына байланысты салтанатты рәсімі өткізілді

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде № 56 мектеп-лицейі оқушыларының республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдануына байланысты салтанатты рәсімі өткізілді.

   Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі – Қазақстан Республикасы балалары мен жасөспірімдерінің Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы құрылған ұйымы. Аталмыш ұйымның мақсаты қазақстандық халыққа, мәдениетке, төзімділік дәстүрі мен бітімгершілікке сүйіспеншілік пен құрметтің, ұлттық құндылықтардың негізінде, үздіксіз білім алу мен өзін-өзі жетілдіру арқылы өскелең ұрпақты Отанның патриоттары ретінде тәрбиелеу болып табылады.
      «Жас Ұлан» қатарына қабылдаудың негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық, танымдық және шығармашылық белсенділігін көтеру екендігі сөзсіз.

      Салтанатты рәсім барысында «Жас Ұлан» мүшелері оқушыларды ұйымның Ережесімен, міндеттерімен таныстырды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары Б.М. Қайыпова, № 56 мектеп-лицейінің директоры Ж.А. Әлпешев, «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрайымының орынбасары Ә.Д. Ыбраев балаларға тілек білдіре келе, жас қазақстандықтарға зор үміт артылатындығын айтты.
      Рәсімнен оқушыларға естелік ретінде естелік сыйлықтар табыс етілді.