«Мемлекет Басшысына дипломатиялық сыйлықтар» экспозициясы

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Астанада орналасқан алғашқы жұмыс резиденциясындағы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжіліс залының холы. 1997–2004 жылдар

Холлда алғашқы резиденция кезінде Кіші жұмыс кабинетінде Мемлекет басшысының қабылдауын күткен азаматтар, сонымен қатар,  Қауіпсіздік Кеңесі залында өтетін жұмыс бойынша кездесулер мен отырыстарға қатысушылар жиналған.

Қазіргі кезде Қауіпсіздік Кеңесі залының холлында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасына шет елдердің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық және діни ұйымдардың, жетекші әлемдік компаниялардың, корпорация мен мекемелердің басшылары тарту еткен заттарды жинақтаған «Мемлекет Басшысына дипломатиялық сыйлықтар» экспозициясы орналасқан.

Бөлімдерде музей топтамаларынан адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің алуан түрлілігін көрсететін бірегей өнер туындылары көрсетілген.

Сыйлықтардың географиясы Қазақстан Республикасының көпвекторлы саясатының барлық бағыттарын көрсетіп, республиканың әлемдегі беделі мен Елбасының сіңірген еңбегі мен тұлғасына деген үлкен құрметтің куәсі болып табылады.