«МЕНІҢ ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН» САБАҒЫ ӨТЕДІ

Білім күніне қарсаңында 28 тамызда, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) №73 мектеп-лицейдің бірінші сынып оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан» атты Конституция күніне арналған тақырыптық сабаққа қатысады.

Туған жерге қатысты оқушылардың білімін кеңейтуге бағытталған сабақ балалардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын тереңдетіп, оларды Ата заңымыздың тарихымен таныстыруға, отансүйгіштік қасиетке баулуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге шақырады.

Іс-шара соңында оқушыларға алғашқы сабақтан естелік ретінде сыйлықтар табысталмақ.