«Моя родословная – частица родословной нашей страны. Буква «Р» көшпелі музей сабағы болып өтті

2017 жылғы наурызда «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін «Музей және балалар» (кішкентайларға арналған жолсілтеу әліппесі) ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Моя родословная – частица родословной нашей страны. Буква «Р» көшпелі музей сабағы болып өтті.

Сабақ балабақшада болды. Балалар «Р» әрпімен танысты және «родословная» (шежіре) ұғымы туралы білді. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың генеалогиялық шежіресі мысалында Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері С.Қ. Жақыпова балаларға Президентіміздің жеті атасы, шежіресі және Қарасай батырдың ерлігі туралы айтып берді.

Музей сабағының барысында ойын элементтері, топтық жұмыс әдістері қолданылды. Балалар «Р» әрпімен таныса келе, олар үшін «отбасы» ұғымының мағынасы қандай екенімен бөлісті.

 

«Моя родословная – частица родословной нашей страны» музей сабағынан естелік ретінде әр балаға «Біздің Президент» кітабы сыйға тартылды.