Музей жинақтарын есепке алу мен экспонаттауды ұйымдастыру

Музей жинақтарын есепке алу мен экспонаттауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің нормативтік және әдістемелік әзірлемелерінің жинағы/жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, К. Ақтаева. –Астана, 2011.
Бұл жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Есепке алу және сақтау бөлімі мен Экспозициялар мен экскурсиялық қамтамасыз ету орталығы әзірлеген нормативтік және әдістемелік материалдар кешенінен құралған. Бұл материалдар ақпараттық технологиялар мен мұрағаттық, кітапхана және музей материалдарын есепке алу, сақтау және зерттеуде жүйелілік қағидатын қолдана отырып, музейлік мекемелер қызметінің негізгі бағыттарын регламенттейді.
Бірінші бөлімде нормативтік құжаттама берілген. Екінші бөлімде музей ісі мен тарихи ескерткіштерді қорғау саласының мамандарының ғылыми сараптамасынан өтіп, пайдаланылған материалдары көрсетілген әдістемелік әзірлемелер берілген.
Жинақ материалдары республика музейлік мекемелерінің іс-тәжірибесінде «Тарих», «Тарихи ескерткіштерді қорғау және музей ісі» мамандықтары бойынша сабақ өткізу барысында пайдаланылуы мүмкін.