Музейде белгілі қазақстандық суретші Сергей Калмыковтың шығармалары бойынша «Менің ғаламшарым» атты көрме ашылды.

11 сәуірде
 
     Көрмені ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Has Sanat» өнер галереясы және «Жаңа Эрмитаж – біреу» музей-галереясы (Мәскеу қ.). Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына С.Калмыковтың 69 кескіндеме және графикалық жұмысы, суретшінің шығармашылығын бағалайтын қазақстандықтарға осы уақытқа дейін белгісіз болып келген қолжазба альбомы ұсынылды.
Қазақстанның, Ресейдің, Батыстың өнертанушылары суретшінің есімін ХХ ғасырдың алдыңғы қатардағы көрнекті шеберлерімен бір қатарға қояды.Суретшінің шығармаларында қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің импрессионизм, авангардизм, кубизм, абстракционизм сияқты барлық бағыттары жарқын көрініс тапқан.
Көрменің ашылу салтанатына Қазақстанның өнер жұлдыздары – Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ж. Әубәкірова, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Н. Үсенбаева қатысты. Еліміздің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ шығармашыл және музей жұртшылығы көрменің алғашқы келушілері болды.
Көрме 11 мамырға дейін өткізіледі.