«Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ ҚОР КӨРМЕ ЖОБАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2018 жылғы 14 қарашада сағат 12.00-де  Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жобасының тұсаукесері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа ғимаратының (2 Батыс ш/а, Ораз Тәтеұлы к/сі, 3) ашылуымен тұспа-тұс келеді.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысады.

Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.

Көрермендер назарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары ұсынылатын болады. Алғаш рет Ақтөбе жұртшылығының назарына Н.Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сонымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың шет тілдерге аударылған еңбектері ұсынылады.

«Елбасы жолы» бөлімі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір кезеңдерінен сыр шертеді. Елбасының жолы рухани сананың дәуірі мен шығуы мазмұнын білдіретін тарихи үдерістер мен оқиғаларды сипаттау арқылы көрсетіледі. Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы еліміздің тәуелсіздігінің негізгі бағыттарын айқындаған басты тарихи таңдауы болды.

«Елбасы феномені» бөлімі Қазақстан Республикасының негізін қалаған, жаһандық кеңістікте тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жаңа идеяларын енгізген Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылым тұжырымдамасының қалыптасуы мен дамуы тарихына жетелейді. Көшбасшы феномені Семей ядролық полигонының жабылуынан бастап, мемлекет астанасын ауыстыру идеясын жүзеге асыруға дейінгі тарихи маңызы бар шешімдер мен бастамалар арқылы көрініс тапқан.

«Әлем таныған Елбасы» бөлімінде Қазақстан Республикасының қарқынды сыртқы саясаты көрсетіледі. Бұл – әлемдік деңгейдегі саясаткер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биік беделі мен асқақ абыройының жемісі.

Еліміздің көпвекторлы сыртқы саясаты дипломатиялық тарту-таралғылар, жеке жазбалар, архивтік материалдар арқылы көрсетілген. Әрбір сый-сияпаттан кез келген қауіп-қатер мен түсінбеушіліктен азат бейбіт әлемді қалыптастырудағы Н. Ә. Назарбаевтың ерен еңбегін таныған шетелдік мемлекет және үкімет басшыларының жеке құрметі айқын көрінеді.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» бөлімінде Мемлекет басшысының және Қазақстан халқының жаһандық үдерістердің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін табыс етілген Елбасының жоғары мемлекеттік марапаттары ұсынылған.

Көрме экспозициясының негізінде шолу экскурсияларынан басқа «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсиялары жүргізіледі. Экскурсиялар әртүрлі санаттағы – балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер сынды келушілерге арналады.

Қор көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының аталмыш көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы болып табылады. Жоба аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен семинар, дөңгелек үстел, семинар-тренингтер, «ашық кеңістік» форматындағы интерактивті сұхбат, көрме бойынша шолу және тақырыптық экскурсиялар, сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар сынды мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылып келеді. Олар жәдігерлердің мазмұнын баяндап қана қоймай, сондай-ақ тарихи артефактілердің тікелей көруге мүмкіндік береді.

Аталмыш жоба 2017 жылғы қарашада Алматыдан бастау алып, 2018 жылғы ақпан айында Түркістан облысында жалғасса, ал қыркүйек айында Атырау облысында табысты өтті. Жалпы 2017-2018 жылдары көрмені 350 мыңнан астам адам тамашалады. Көрме жобасының мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын, қоғамның саяси мәдениетінің тарихи эволюциясын және осы үдерістердегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тұлғалық рөлін сипаттайтын деректерді жүйелі түрде ұсыну.

 

Көрме 2019 жылғы қаңтар айының соңына дейін жалғасады