«Н. Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы», «Әлем таныған Елбасы» атты тақырыптық экскурсиялар жүргізілді

2020 жылғы қаңтарда Елбасы кітапханасында тақырыптық экскурсиялардың онкүндігі аясында №83 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Н. Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы», «Әлем таныған Елбасы» атты тақырыптық экскурсиялар жүргізілді.

«Н. Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» тақырыптық экскурсиясы барысында оқушылар Қазақстан Республикасының және оның Тұңғыш Президентінің ядролық қарудан және ядролық сынақтардан бас тартуға негізделген жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты жаһандық көзқарасы көрсетілген. Экспозицияда қолданылған мультимедиялық контент ядролық қарусыз әлем тақырыбында аса көрнекі, мазмұны жағынан ауқымды ақпараттық орталықты қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«Әлем таныған Елбасы» тақырыптық экскурсиясы балаларды еліміздің сыртқы саяси жетістіктерімен, оның халықаралық аренадағы орны мен рөлімен фото және видео мұрағат материалдары арқылы таныстырды. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы материалдар Оқушылардың шынайы қызығушылығын туғызды.