«Н. Ә. Назарбаевтың «жасампаз лидерліктің» философиясы» дәрісі оқылды

2017 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде Астана қ. Политехникалық колледжінің студенттеріне «Н. Ә. Назарбаевтың «жасампаз лидерліктің» философиясы» дәрісі оқылды.

Адамның әлемге деген қөзқарасы – философияның мәңгі тақырыбы. Философия – дарынмен қатар, кәсіби дағдыны талап ететін элиталық таным. Қазақстан Президентінің саяси философиясы саясаттану, тарих, философия, әлеуметтану және басқа да ғылым саласының өкілдері тарапынан теориялық және методологиялық тұрғыдан тереңірек зерттеуді қажет етеді. Н. Ә. Назарбаев – саяси философияны негіздеуші, әлемде болып жатқан оқиғалардың ахуалы мен үрдісін түсінетін және сезінетін тәжірибелі әрі көреген саясаткер, біз үшін ғалым-ойшыл болып табылады.

Дәріскер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Күләйша Ақтаева «жасампаз лидерліктің» қазақстандық философиясы этникалық және конфессиялық дәстүрлер мен құндылықтардың көптүрлілігі жағдайында мәдениеттердің тиімді диалогын қолдауға негізделген жаһандық қауіпсіздікті жаңаша қарастырудан тұратынын атап өтті. Осы тұрғыда, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы осыған айқын дәлел.

Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.