Наурыз 2018

2018 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 8205 адам келді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 102 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 2928 адам болды. Кітапхананың Музей ғимаратында 138 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5277 адам болды.

 Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және Наурыз мерекесіне орай астанамызға Қазақстанның әр өңірінен, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

Елбасы кітапханасының экспозицияларымен Оңтүстік Кореяның Ұлттық Асамблеясының төрағасы Кореи ЧУНГ Се Гюн; Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон; 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұымдастырылған шаралардың қатысушылары; ҚТЖ қызметкерлері -  теміржолмен тасымалдау саласының ардагер-әйел қызметкерлері; «Өркениет» медициналық мекемесінің қызметкерлері т.б. танысты.

 «Астана қ. ҚР Президентінің Резиденциясы бойынша тур» Алматы, Тараз, Санкт-Петербург, Рига қалаларынан келген қонақтарға  өткізілді.