Наурыз 2020

2020 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 1931 адам келді, келушілерге жалпы 55 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 23 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 574 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 32 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 1357 адамды құрады.

Келушілердің басым бөлігін мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, әскери қызметкерлер, сондай-ақ елордаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан келген қонақтар құрады.

Елбасы кітапханасының экспозицияларымен: Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының үздіксіз білім беру курстарында оқитын орта мектептердің директорлары, «Тұран» университетінің ректоры, профессор Рахман Алшановтың «Жиырма мыңжылдықтың сыры: ізденістер мен ашулар» кітабы тұсаукесерінің қонақтары танысты.