НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР БАСТАУ АЛДЫ

12.02.2019 ж.

Бүгін Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Жастар - ел тірегі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жиынға белгілі отандық суретшілер, мүсіншілер, музыканттар, Қазақстандағы шет мемлекеттерінің елшілері мен дипломатиялық өкілдіктердің  қызметкерлері, елордалық университеттердің жетекшілері, оқытушылары мен студенттері және т.б. қатысты.

Елбасы кітапханасы Астана қаласының Суретшілер одағымен қолдауымен жас суретшілер, мүсіншілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен өнертанушылар арасындағы ең үздік көркем шығармалар байқауын жариялады. Бұл сайыста 18 пен 35 жас аралығындағы қатысушылар «Ұлы дала тұлғалары», ал 36-тен жоғары жастағылар «Қазіргі Қазақстан жастары суретшілер көзімен» тақырыптары бойынша бақ сынасатын болады. Байқау екі кезеңмен қорытындыланады: бірінші бөлімі – маусымда, екінші бөлімі – желтоқсан айында. Байқаудың нәтижелері бойынша үздік шығармалардың көрмесі ұйымдастырылады, лауреаттарды марапаттау салтанаты өткізіледі және байқау жұмыстарының каталогы басып шығарылатын болады.

Сонымен қатар, Елбасы кітапханасының архив, музей және кітапхана қорын зерттеу негізінде «Жастар – елдің тірегі» атты тақырыптық көрме ашылды. Көрме материалдары Қазақстан азаматтарының жаңа генерациясын қалыптастыруға жағдай жасаудың төрттен бір ғасырдан астам тарихын қадағалауға мүмкіндік береді .