№ 1 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев және толеранттылықтың қазақстандық үлгісі»

    Тәуелсіздік жылдарында ұлтаралық бейбітшілік пен келісім Қазақстанның визиттік карточкасына, саяси брендіне айналды.
    Толеранттылықтың бірегей үлгісін жасау ұлтаралық қатынастардың шиеленісті мәселелерін демократиялық жолмен шешуге мүмкіндік беретін Қазақстанның маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан тұрғындарының полиэтникалық құрамы жағдайында ұлттық деңгейде азаматтық келісімді, ішкі тұрақтылықты сақтауға қол жеткізілуі мемлекет дамуының негізін қалады.
      Бүгінгі уақытта посткеңестік елдерінде ғана емес, сондай-ақ алыс шетелдерде ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық тәжірибесі зерттеліп, зерделенуде. Себебі бұл үлгі республика тәуелсіздігін нығайту және оның әлемдік аренадағы беделін көтеру, экономикалық өсуге қажетті жағдай жасады.
   Конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін, Мемлекет басшысының толерантты және үйлесімді қоғам үлгісін қалыптастырудағы рөлін зерделеу жобаның мақсаты болып табылады.
     

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу көзделеді:
1. қазіргі кезеңдегі мәдениеттер мен діндер үнқатысуының негізгі мәселелерін зерделеу;
2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық қоғамда толеранттылық пен конфессияаралық үнқатысуды дамытудағы, түрлі мәдениеттер мен конфессиялар өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін өзектілендіру.