№ 2 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев және қазақстандық қоғамды әлеуметтік-саяси жаңғырту стратегиясы»

 Қазақстан елдің мемлекеттік, саяси және экономикалық құрылысындағы түбегейлі өзгерістерге негізделген, жалпықазақстандық құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастыру мен қоғамның объективті талаптарынан туындаған демократиялық, құқықтық мемлекетті нығайтудың жаңғыртушы жолымен нық әрі дәйекті жүріп келеді.

   2012 жылдың қаңтарында Президент Қазақстан халқына арналған Жолдауында елде жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Тек әлеуметтік тұрақтылық қана жаңа индустрияландыру, экономикалық диверсификация, өндіріске жаңа технологиялар мен инновациялар енгізу сынды маңызды міндеттерге жетуде негіз бола алады. Әлеуметтік тұрақтылық қазақстандық мемлекеттіліктің арқауы – халық бірлігін сақтаудың тұрлаулы жағдайы болып табылады.
     Бұл жобаның мақсаты – Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық қоғамды әлеуметтік-саяси жаңғыртудың қазіргі заманғы тұжырымдамасын қалыптастыру мен алға жылжытудағы рөлін зерделеу және ашып көрсету.
     Жоба келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
1. Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси жаңғыртылуының негізгі бағыттарын зерттеу;
2. өмір сүрудің, сонымен қатар елдің адами ресурстарының сапасын көтеру,  Н.Ә. Назарбаевтың осы үдерістердегі тарихи рөлін саралау және насихаттау.