№ 3 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі әлемдегі жаһандық қауіп-қатерді еңсерудегі бастамалары

  Тәуелсіздік жылдарында республика халықаралық аренада маңызды табыстарға қол жеткізді, әлемдік қоғамдастықтың беделді әрі жауапты мүшесіне айналды, жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешуге бірдей қатысады және өзіндік үлесін қосуда.

      ЕҚЫҰ, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ және Түркі кеңесіне төрағалық ету мемлекеттің соңғы жылдардағы биік беделінің айғағы болып табылады.
     Бүгінгі уақытта Қазақстан тұрақты және қауіпсіз әлем құру мақсатын алға қойған аймақтық держава позициясын нық ұстанады. Әлемдік қоғамдастық Мемлекет басшысының ядролық қарусыздану және қаруды таратпау үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қарусыздану үдерісінің белсенді жақтаушысы ретінде жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық бастамаларының арқасында әлемдік беделге ие болды.
    Жобаның мақсаты – Мемлекет басшысының аймақтық қауіпсіздік және қазіргі заманғы жаһандық ядролық қауіпсіздік жүйелерін нығайту үдерісіндегі рөлін зерделеу және ашып көрсету.
    Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу көзделеді:
1.      Мемлекет басшысының елдің сыртқы саяси стратегиясын құрудағы тарихи рөлін зерделеу;
2.      Мемлекет басшысының жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды құрудағы негізгі идеяларын саралау;
3.      Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы тарихи орны мен рөлін саралау.