№ 4 жоба «Әлем Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы»

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев – бүкіл әлемге сыйлы, ықпалды, беделді саясаткер, қазіргі уақыттағы барлық әлемге белгілі тарихи бастамалардың авторы.

   Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті бірегей тұлғасы тарихшылар, саясаттанушылар мен мәмілегерлердің ерекше назарын аударуда. Н.Ә. Назарбаевтың тұлғалық феномені тұрақты зерттелуде.
2007 - 2012 жылдары «Әлем Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті               Н.Ә. Назарбаев туралы» жобасының жүзеге асырылуы Музейдің «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» және «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» атты екі ғылыми бағдарламасының аясында жүргізілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көп қырлы қызметі туралы ақпараттық ағым күн сайын әлемдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарымен толықтырылады, ұсынылатын Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси портретіне әлемдік қоғамдастықтың көзқарасын ғылыми тұрғыдан зерделеу және ашып көрсетуді жалғастыру туралы шешім қабылданды.
    Жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көп қырлы қызметіне әлемдік қоғамдастықтың көзқарасын зерделеу және ашып көрсету.
   Қойылған мақсатқа сәйкес жобаның зерттеушілік міндеттері шеңберіне келесі міндеттер кіреді:
1.    Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық аренадағы қызметіне әлемдік және отандық қоғамдастықтың көзқарасын зерделеу;
2.    Мемлекет басшысының ықпалдастырушылық бастамаларына әлемдік қоғамдастықтың қатынасын саралау;
3.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы шетелдік және отандық БАҚ материалдарын жинақтау.