Нұрсұлтан Қалиевтің «Ағаштың құдыреті» атты жеке көрмесі

25 тамыз – 20 қыркүйек 2014 ж.

Нұрсұлтан Қалиевтің «Ағаштың құдыреті» атты жеке көрмесі

   Ағаш шебері Нұрсұлтан Қалиевтің «Ағаштың құдыреті» атты жеке көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің 10-жылдығы аясында ұйымдастырылды. Бұл қолөнер шеберінің алғашқы көрмесі.
Музейдің екі залына жайғасқан экспозицияға, қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің озық дәстүрлерін жалғастырушы ретінде, табиғат аясындағы ғажайып  бейнелерді сомдауда автордың шеберлігі мен суретшілік өнерінің дамуын айқындайтын 2005-2013 жылдары дүниеге келген туындылары ұсынылды.